18.3 C
Shymkent
15 октября, 2025
Ақпарат Оқыс оқиға

Алматы облысындағы мектепте 10 жастағы қыз бала көз жұмды

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Telegram-да оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Видео сипаттамасында Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы көз жұмғаны жазылған.

Алматы облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қошмамбетов атындағы мектепте болған.

«Сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы №118 бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», — делінген хабарламада.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ресейде оқушы кәмпит жеп көз жұмды

AdiletTV

19-21 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА «AJP SHYMKENT INTENATIONAL» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ-БАСТЫ НАЗАРДА

Пікір қалдырыңыз