«Таза қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты атасы мен немерелерінің қатысуымен Абай саябағында кезекті сенбілік өтті. Тазалық шарасы барысында аймақтың барлық елді мекендерін, саябақтарын көркейту,көгалдандыру жұмыстары қолға алынған. Бүгінде 20 мыңға жуық қала тұрғындары аталған акцияға өз үлестерін қосуда.
Бүгінгі тазалық акциясының негізгі мақсаты: қала саябақтарын күл қоқыстан тазартып тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мәртебеге орай бұндай шаралардың маңыздылығын өскелең ұрпаққа түсіндіріп қана қоймай, қоршаған ортаны таза ұстап, тазалық жұмыстарына атсалыстыру,-дейді қазыналы қарттарымыз.
Тазалық жұмыстарына аудан ардагерлері, мекеме қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысты. Бірі ағаш көшеттерін отырғысса, енді бірі тал терек түптерін әктеумен айналысты. Сондай-ақ өзен маңдары мен аулаларды қоқыстан тазартып барлығы бір кісідей белсенділік танытты.
Дәл осындай игі істер қаламыздың көркін келтіріп , салауатты өмірдің кепілін тереңдете түсері анық. Тазалық-денсаулық кепілі. Осы қағиданы ұстанып тек шараға ғана айналдырмай, күнделікті тынысы мен міндеті санай білу керектігін ескеру қажет.