10.3 C
Shymkent
15 октября, 2025
Ақпарат

САЙРАМДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ БОЛДЫ

Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін бекіту мақсатында Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы Әлішер Науаи және Әл-Фараби атындағы орта мектептерінің 10-сынып оқушылары үшін Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының өмірімен танысуын ұйымдастырды.

Қонақтарды әскери нұсқаушылар мен бөлім тәрбиешілері қарсы алды. Болашақ Отан қорғаушылар бөлімнің әскери қызметшілерінің өмірі мен қандай қызмет атқаратынын өз көздермін көріп, қару-жарақ, әскери техника мен жеке қорғаныс құралдарының үлгілерімен қызығушылықпен танысты.
Әскерде, Тәуелсіздік жылдарында қандай өзгерістер болғандығы және бөлімнің тарихы туралы оқушыларға бөлім командирі полковник Әмірқожа Айтқожин айтып, жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Әскерилер мен мектеп оқушыларының кездесуі жүйелі әскери-патриоттық жұмыс және әскерге шақырылуға дейінгі жастарды кәсіби бағдарлау аясында өткенін атап өтейік, оған бөлім басшылығы айтарлықтай көңіл бөледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

«АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Шымкентте базарлардың бірінде өрт шықты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз