13.3 C
Shymkent
4 октября, 2024
Ақпарат

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНДІРУ КЕҢІНЕН ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесті. Агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерді орындау – ағын суды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Су тапшылығы бүкіл әлемде өсіп келе жатқан алаңдаушылық тудырады. Жаһандық жылыну процесі, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі, ысырапшылдық сияқты факторлар алдағы уақытта мәселені еселеп арттыруы мүмкін. Осыған орайда, ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес елімізде ылғал үнемдеу технологияларын 1,4 млн. гектарға ендіру қарастырылған. Оның
ішінде Түркістан облысы үлесі 16 % немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады. Қазіргі таңда, Түркістан облысында ылғал үнемдеу технологиялары 32,3 мың гектарға орналастырылған. Су үнемдеу технологияларын ендіріп, өнімділікті арттыруда Мақтаарал ауданында «Хамро-Ата» шаруа қожалығы өз үлесін қосуда. Қытайлық «Peng Seng» компаниясымен бірлесіп,осы елдің тамшылатып суару технологиясын пайдалана отырып, 310 гектар егістік алқапқа мақта дақылын егуде. Облыс әкімі жауапты басшыларға жаңа технологиямен мақта егу алқаптарын арттыруды тапсырды.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 500 млн теңгені құрайды, қаражат Абдужалил Боев басшылық жасайтын шаруа қожалығына тиесілі. Тартылған инвестициялық көлемі 500 млн. теңге. Жобаның ерекшелігі — дәстүрлі әдіспен салыстырғанда ағын суды 50% үнемдей отырып, өнімділікті 60-70 центнерге арттырады.Қазіргі таңда, жалпы аудан бойынша ағымдағы жылы 2000 гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 500 гектар мақта, 346 гектар қырыққабат, 793 гектар бақша және жаңбырлатып суғару технологиясымен 30 гектар жоңышқа егіледі. Бүгінгі таңға орындалғаны 1281 гектарды құрап отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жамбыл облысында 42 ауылды су басуы мүмкін

AdiletTV

Алматыдағы автобус апаты: ата-анасынан айырылған жәбірленуші қатаң жаза талап етті

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз