19.6 C
Shymkent
19 мая, 2025
Ақпарат Түркістан

КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында “Бақытты шаңырақ” атты байқау өтті. Сайыс ене мен келіннің арасындағы қарым қатынасты нығайтуға бағытталған. Ауданда алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 8 бірлігі жарасқан үлгілі әулеттің мүшелері қатысты.

Нурила “Бақытты шаңырақ” байқауында бас жүлдені жеңіп алған ару. 4 кезеңнен тұратын сайыста екінші анасымен бірге бақ сынап, жанұяның мерейін үстемдетті.

Қыз бала бой жетіп, ақ босағадан аттап, бір үйдің, бір әулеттің келіні атануы – ежелден келе жатқан қазақ дәстүрі. Ұлттық тәрбиені өн бойына дарыта алған қыз бала сол әулеттің түтінін түтетіп, шаңырағын биіктетіп, ауыл-аймаққа қадірлі болып кетеді. Ұйымдастырылған байқаудың да басты мақсаты осы. Ене мен келін арасындағы сыйластықты арттырып, татулыққа жол ашу. Сайыста түрлі салада еңбек етіп, шаңырақтың ұйықтысы болып отырған аяулы жандар енесімен бірге көпшілік алдында өнер көрсетіп, нағыз қазақ келіндердің үлгісін танытты.

Байқауға қатысып, өз өнерін ортаға салған ене мен келінге тұрмыстықа қажетті заттар сыйға тартылды. Ал алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлерінде келіндер бәйгесін ұйымдастыру жоспарда бар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАЗАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

AdiletTV

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ БАР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз