1.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Ақпарат Денсаулық Жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркістан облысына іс сапармен келді. Министр халықпен кездесіп, өңірдегі медициналық нысандарды аралап,азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдады. Жиында қандай мәселелер қозғалды?

Ақмарал Шәріпбайқызы алдымен халқы тығыз орналасқан сауран ауданына барды. Аудандағы орталық емхананың жай-күйімен танысып, жергілікті халыққа көмек көрсету сапасын бақылады.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медициналық нысандарды таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама оқыды.

Емхана құрылымында 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік бекет, 3 медициналық бекет және ІV санатты жедел жәрдем бригадасы, 1 зертхана бөлімі, 1 жылжымалы медициналық кешен бар. Жұмыс барысымен танысуда ауданның денсаулық сақтау қызметкерлеріне сын ескертпе беріп, жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ министр Түркістан қалалық емханасының жұмысымен танысты. Қалалық емханада 94 432 азамат тіркеліп, медициналық көмек көрсетіледі. Мекемеде 70 аймақ дәрігері жұмыс істейді. Қалалық емхананың жұмысы жүйелі екенін атап өткен министр, қызмет көрсету сапасын оң бағалады.

Түркістандағы сапар барысында Ақмарал Шәріпбайқызы өңірдегі медицина ұйым басшыларымен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Министр халық сапалы медициналық көмекпен қамтылуы тиіс екендігін ескертіп, аталған мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды.

Одан кейін еліміздің бас дәрігері өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Түркістандықтар министрге шет елге берілетін квота, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауру диагноздарын нақтылау бойынша ұсыныстары мен шағымдарын айтты. Жеке қабылдауда тұрғындардан түскен барлық өтініштер бақылауға алынып, шешу жолдары бойынша салаға жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.

Бөлісу

Related posts

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

admin

Бір ай бұрын суға кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

admin

Кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған Г. Сатыбалдыға қатысты іс сотқа жолданды

AdiletTV

Leave a Comment