13.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Ақпарат Шымкент

АНАҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Елімізде ағымдағы жылы президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 12 мамыр аналар күні болып бекітілген еді. 6 мамыр мен 12 мамыр аралығында барлық елімізде түрлі іс-шара өтті. Соның бірі Шымкент қаласында №24 Саттар Ерубаев атындағы IT мектеп лицейінде өтті. Жалпы, Аналар күнін мерекелеу ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, әр азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, алғыс айта білуге тәрбиелеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталады.

Форумның мақсаты – әйел мен ананы құрметтеу, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру, ізгі құндылықтарды қоғамда насихаттау. Егемен еліміздің дамуы мен гүлденуіне қыз-келіншектердің де үлесі өте зор. Сондықтан әйелдердің қоғамдағы рөлін, мүмкіндіктерін арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Жиынға мектеп оқушылары сондай-ақ ата-аналар қатысты. Басқосуда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бала тәрбиесі төңірегіндегі мәселелер талқыланды. Балалардың оқуға деген ынтасының болмауы да ата-анаға тікелей байланысты. Өйткені әке-шешесінің кітап оқып жүргенін күнде көре бермейді. Жиын барысында Аналар кеңесінің мүшелері осындай байламға келді. Форум аясында қатысушыларға арналған шеберлік сағаттар мен тренингтер де өткізілді.

Айта кетейік, Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Айтулы күн әлем елдерінде ерекше атап өтіледі. Ал биыл мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанда 12 мамыр аналар күні болып бекітілді.

Бөлісу

Related posts

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

AdiletTV

«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ» АТАУЫМЕН ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Leave a Comment