10.3 C
Shymkent
8 сентября, 2024
Ақпарат Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2025 жылға дейін 49 мың бала білім алатын 63 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған заманауи, жайлы мектептердің салынуы өңірдегі үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілмек. Жоспар бойынша биыл өңірде 29 оқу ұясы қолдануға берілмек, олардың 19-ы алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында ашылады.

Арыс қаласына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысанының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлер мен жобаны үйлестіруші «Самұрық-Қазына» қорының өкілдерімен түйткілді мәселелерді талқылады. Бұл ретте жұмыс сапасының ақсамауын ескертті. Облыс әкімі кемшіліктерді ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруды айтты.

Салынып жатқан заманауи білім ордасы 600 орынға лайықталған. Құрылысы өткен жылы басталған мектеп күзде пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Арыс қаласындағы «Барыс» шағын ауданында жеке инвестор есебінен тұрғын үй салынып жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына іс сапары аясында құрылыс алаңына барып, үйлердің заманауи дизайнда, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуына аса мән берілуін атап өтті.

60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Айта кетейік, биыл Наурыз мейрамы қарсаңында кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 20 тұрғын үй сатып алынып, Арыс қаласында үй кезегінде тұрған 20 отбасыға табысталды. Қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін әртүрлі санат бойынша кезекте 2244 адам адам тұр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қарағанды облысында су басу салдарынан 12 автожол жабылды

admin

Тоқаев: Дана халқымыз ежелден ананы қастерлеп, қызына қамқор болған

admin

Су тасқыны: БҚО-да 90 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз