10.3 C
Shymkent
8 сентября, 2024
Ақпарат Жаңалықтар Шымкент

ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атында №65 мектеп-гимназиясында оқытудағы инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тақырынба білім саласы қызметкерлерінің халықаралық семинары өтті.

Аталған іс шараның басты мақсаты жеке тұлғаның қалыптасуын және кеңістіктік-образдық ойлауын, көркем -технологиялық білімін визуалды және эстетикалық қабылдауын,сыни ойлауын дамыту,ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру,өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімдерін және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгерту бойынша тәжірбие алмасу.Алдағы уақытта Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы, әдіс тәсірлер тарататын базалық мектеп ретінде жұмыс жасайтынын айтты.

Қонақтарды қарсы алу барысында «Мұрагер» ұлттық аспаптар оркестрі «Ер-Тұран», «Секіртпе» күйлерімен қарсы алды. Халықаралық практикалық семинарға Қазақстан,Қырғызстан Және Өзбекстан Республикасы Білім Беру ұйымдарының «Көркем Еңбек» және «Бейнелеу Өнері» пәндерінің мұғалімдері, Жоғарғы Оқу Орындарының Оқытушылары,әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты.

Айта кетейік шараға 150 астам мектеп және Қырғызстан Республикасы Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы,магистр Жолдошева Айгүл және Өзбекстан Республикасы Қарши мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері кафедрасының доценті, профессор- очилов Фарход Эгамбердиевич өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан бойынша 58 миллион тонна радиоактивті қалдықтар шашылды — депутат

admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖІБЕК САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

admin

Пікір қалдырыңыз