13.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Ақпарат

МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ КЕЛЕШЕКТЕ ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚАМТЫМАҚ

Түркістан облысының әкімі Арыс қаласындағы сапары барысында мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт жұмысымен танысты. «Қаратау Транс Сервис зауыты мұнай өнімдерін өңдеумен айналысады.Инвестиция көлемі 11 млрд. теңгені құраған. Зауыт басшылығы Арыста өндірілетін мұнай өнімдерімен ішкі нарықты қамтуды көздейді.

Өндірісте 45 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 125 мың тонна мұндай өнімдерін өңдейді. Жұмыс сапары барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласында орналасқан «Арыс» минералды су ЖШС-нің жұмысымен танысты. Табиғи минералды суға сұраныс жоғары. Мұнда тәулігіне 15 мың құты, жылына 18 млн. литр минералды су сатылымға шығарылады. 20-дан астам арыстық азамат жұмыспен қамтылған.

Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады. Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Табиғи минералды ауызсу Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына және көрші облыстарға жөнелтілуде.Облыс әкімі Арыс қаласында өндіріс саласы өркен жайып келе жатқанын атап өтті.

Бөлісу

Related posts

ҚР энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді

AdiletTV

Олимпиадада рекорд орнатқан қазақстандық спортшы жартылай финалға шыға алмады.

AdiletTV

Денсаулық бұрышы: дәрігерлер сауда орталықтарында қабылдау өткізуде

AdiletTV

Leave a Comment