Жаңалықтар Қылмыс

Азаматтардың амандығы үшін: Шымкентте полицейлер өмірлерін қатерге тігіп, күдіктіні құрықтады

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы патрульдік полициясының қызметтік автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады.

Жайт 9 мамырда орын алған. Масаң хәлдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туғызған.

Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жауып, нәтижесінде соқтығысу орын алды.

– Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рулдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату жолын жаптық. Бұны жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қатысуымен қайғылы салдарды болдырмау үшін жасадық, азаматтардың амандығы үшін, — дейді офицерлер.

Көлікті масаң хәлде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ер адам жауапқа тартылды.

Автокөлікті ұрлау жайтын Түркістан облысының тәртіп сақшылары тергеуде.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АРЫСТАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УНИФАЙТ ДОДАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған Г. Сатыбалдыға қатысты іс сотқа жолданды

AdiletTV

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

Пікір қалдырыңыз