Ақпарат Оқыс оқиға Шымкент

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНЫП ЖАТҚАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция полкінің 799 автоэкипаж инспекторлары автокөліктен шыққан түтінді байқаған. Полицейлер бірден көмекке асығып, жүргізушіге ескертіп, көлікті тоқтатты.

Тәртіп сақшылары тез арада өрт сөндіргішті алып, көлік капотын ашып, өртті өшіруге тырысқан. Кейін аккумуляторды шығарып, газ баллонды жапқан. Осылайша, патрульдік инспекторлар болуы мүмкін оқыс оқиғаны дер кезінде тоқтатты.Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне жедел көмегі мен жанашырлығы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ҚЫТАЙ САПАРЫНАН СОҢ ЦЕХ АШТЫ

AdiletTV

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ГУМАНИСТ-КҮРЕСКЕРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТУРАЛЫ ЖАҢА ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ.

AdiletTV

АНАҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз