23.3 C
Shymkent
24 августа, 2025
Ақпарат Спорт Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің ұлдар арасындағы сайысының ашылу рәсіміне қатысты. Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Junior Davis Cup Азия/Океания аймағының іріктеу жарысында 16 жасқа дейінгі кіл мықты жасөспірімдер бақ сынасуда.

🔹 Әлем чемпионатына іріктеу қаламызда екінші рет өтуде. Жасөспірім ұлдар арасындағы іріктеуде Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының спортшылары ел намысын қорғайды. Турнирге Аустралия, Қытай, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Вьетнам, Өзбекстан, Иордания, Шри-ланка командалары қатысуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Атыраудағы мұнай компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды

AdiletTV

Тоқаев православ қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

AdiletTV

Қостанай облысында мал шығыны үшін 113 млн теңге өтемақы берілді

Пікір қалдырыңыз