Ақпарат Жаңалықтар Шымкент

ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Үшемдерді дүниеге әкелген Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы.

Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында 15 сәуір күні қалалық перзентханада дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі 1610 грам болып туылған. Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптаған.
Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.

Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Өте мейірімді болды». Тұрғындар қатыгездікпен өлтірілген «Меркур Таун» ТК күзетшісі туралы айтып берді

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДА ЖАУАПТЫЛАРҒА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

admin

Алматыдағы автобус апаты: ата-анасынан айырылған жәбірленуші қатаң жаза талап етті

Пікір қалдырыңыз