20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Ақпарат Мәдениет

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ГУМАНИСТ-КҮРЕСКЕРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТУРАЛЫ ЖАҢА ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ.

Мамырдың 23-інен бастап еліміздің кинотеатрларында «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі көрсетіледі. Бұл фильм бар білімі бастауыш мектеп мұғалімі ғана, бірақ Россия империясы мен Европаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған әзіз тұлға туралы.

Аталмыш туынды ұлы ұстаз, ғалым ағартушы,көрнекті қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың шығармашылығы мен өмірі туралы.

А.Байтұрсынов басынан небір қиындық түссе де,аласапыран заман тезінен адамшылық қалпын жоғалтпай,айнымай өткен тұлға.Қарапайым ауыл мұғалімі өз елінің теңдігі мен хақысын талмай жоқтаған күрескерге, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың сөзімен айтқанда, «Өз сенімінің қайтпас қайсар пайғамбарына, алғашқы ұлт газеті «Қазақтың» редакторы һәм негізін қалаушы, шығарушысына» қалай айналды? Күрестің зорлықтан тысқары, бейбіт жолын ұстанған ізгінің алты рет абақтыға қамалып, екі мәрте жер аударылып, екі рет өлім жазасына кесілуінің сыры неде?

Қандай ғұмыр кешті, неге сенді, нені көкседі, достары кім еді, не үшін күйді, қалай сүйді? «Соңғы үкім» кинотуындысы осыны өзек етеді. Көрерменнің көз алдында ұлы тұлға өмірінің ең бір қияпатты бұрылыс-бұрмаларынан елес беретін көріністер тіріледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бүгіннен бастап Қазақстанда вейпке тыйым салынды

AdiletTV

Азаматтық алу үшін қазақ тілін оқығаны және білетіндігі туралы сертификат сұралады

AdiletTV

САРБАЗДАР ТАНКПЕН ШАЙҚАСЫП, ОҚ-ДӘРІНІҢ ИІСІН СЕЗДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз