16.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
adilettv

«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған болатын. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 бағытта жұмыс жасайды тең қоғам, қамқорлық, белсенді ұзақ өмір.Ғимаратта денсаулықты жақсартуға арналған арнайы бөлмелер, массаж кабинеті,зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі,тұз шахтасы,жаттығу жасауға арналған бөлмелер жасақталған.

Түркістан қаласының қазіргі таңда 3 нүктесінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс жасауда. 4 мыңға жуық қала тұрғындарына қызмет етуде, оның ішінде аз қамтылған отбасылар , мүмкіндігі шектеулі жандар және қариялар.Ардагерлер кеңесі әжелер алқасының төрайымы Айғаным Абанқызы қызметкерлермен басшыларға өз алғысын білдіріп, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының арқасында денсаулығының жақсарғанын және бұндай орталықтардың адам өміріне пайдасы мол екенін атты.

Тұрғындардың сұранысы бойынша биыл Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Бекзат мөлтек ауданында №1 филиалы ашылды.Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі.Жан мен тәнді емдеп,ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалған.Айта кетсек белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бұнымен тоқтап қалмай, әрмен қарай өз жұмысын жандандырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

Премьер-министрдің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз