6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Ақпарат

КЕЛЕС АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданының тұрғындарын не алаңдатады? Қандай мәселелер бар? Жоспарлар қандай? Осы және өзге де сұрақтар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданы тұрғындарымен кездесуінде талқыланды. Мәселелер ашық айтылып, түйткілдер тарқатылды. Өңір басшысы тұрғындарды ашық диалогқа шақырып, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Облысты, ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарға да тоқтала кетті.

Облыста Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, Келес ауданында 29 мектепте толық іске қосылды. Тұрғындармен кездесудің басты мақсаты – өңірдегі мәселелерді шешу. Сондықтан біз аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Қай салада көрсеткіштер төмендеп кеткен болса, соны көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізген жөн, – деген Дархан Сатыбалды инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында жоспар толық орындалмағанына тоқталып, аудан әкімі мен басқарма басшыларына жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берді. Кездесу барысында белсенділік танытқан келестіктер жайылым жер, ауыз су, газбен қамту, жол және өзге де инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті бақылауға алынды.

Бөлісу

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті

AdiletTV

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ИГІ ІСТЕ БІРІКТІ

AdiletTV

Leave a Comment