22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат

300 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданынан арнайы барды. Іссапар барысында Біртілек ауылдық округіндегі 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы білім нысанын салу барысында сапаға баса назар аударуды атап өтті.

Отандық компаниялардың құрылыс материалдарының бағасын көтеріп жібергенін айтқан мердігерлер қосымша қаражаттың қажеттігін жеткізді. Облыс басшысы кішігірім мектеп үшін бекітілген қаражаттың жеткілікті екеніне тоқталып, құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясындағы құрылысты «Samruk-Kazyna» АҚ тапсырысымен «Шымкент Автоматика» ЖШС жүргізіп жатыр. Жалпы жер көлемі 2,3 га. Өткен жылы басталған білім ошағы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Жалпы жоба құны 2,6 млрд теңге. Құрылыс алаңында 69 адам, 5 техника жұмыс істеп тұр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОБЛЫСТА 90%-ДАН АСТАМ ЖЕР МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕЛДІ

AdiletTV

Кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев ұсталды

AdiletTV

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНЫП ЖАТҚАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз