Әлем жаңалықтары

ЕЛДЕ ҚАЙТА СУ ТАСҚЫНЫ ЖҮРДІ

Өткен айда үздіксіз нөсер мен тасқыннан зардап шеккен Бразилияның оңтүстігін қайта су басты. Уақытша паналардан үйлеріне енді ғана оралған тұрғындар тағы эвакуацияланды. 12 сағатта өңірге жауынның 1 айлық мөлшері жауған.

Өткен тасқыннан кейін қалпына келген және тазартылған нысандар қайта бүлінді. Оның үстіне тұрғындар жергілікті билікті тасқын қаупі туралы ескертпегені үшін сынға алды. Сәуірде болған су тасқынынан Бразилияда 163 адам қаза тапты. 600 мыңнан аса тұрғын үйлерін тастап кеткен. Ізім-ғайып болған 64 адам әлі табылған жоқ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Еуропа қалалары Алексей Навальныймен қоштасты

Шольц Крым көпіріндегі зымыран соққысы туралы неміс әскерилері арасындағы әңгіменің таралуына түсініктеме берді.

Король Чарльз III-нің фотосуреттерін Букингем сарайы жариялады

Пікір қалдырыңыз