36.3 C
Shymkent
4 июля, 2025
Ақпарат

КЕЛЕСТЕ ШЫҒАРЫЛҒАН АЛКОГОЛЬСІЗ СУСЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралады. Оларды дамыту жолдарын бірге қарастырды.

«Мерген-Н» ЖШС-нің минералды су, алкоголсіз сусындар шығаратын зауытының жұмысымен танысу барысында да өңір басшысы мемлекетті дамытудағы негізгі қозғаушы күш кәсіпкерлік екеніне тоқталды. Жауаптыларға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. – Біз жергілікті өндірісті дамытып, экспортты ұлғайтсақ қана өңір бюджеті толығады. Осы бағытта жұмысты күшейту керек, – деді облыс әкімі. Айта кетейік, бүгінде «Мерген-Н» ЖШС-нің өнімдері елімізбен қатар Ресейге де экспортталып жатыр. Жобалық қуаттылығы – сағатына 2,5 мың дана. 2002 жылы іске қосылған зауытта 35 адам жұмыс істейді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясындағы сөзі басталды

Полицейлер аса ірі көлемдегі мефедронның таралуына жол бермеді

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз