Ақпарат

СЕНБІЛІК-ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

«Таза қазақстан» республкалық акциясы аясында Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Агропром гүлзарында сенбілік өтті. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда,көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Қоршаған ортаны таза ұстап,аялау -барша адамзаттың азаматтық борышы.Осы орайда өткізілген сенбілікте бірнеше топқа бөлінген акция қатысушылары қоғамдық орындарды, жол жиегін күл-қоқыстан тазартты. Ағаш көшеттерін отырғызып, қураған ағаш бұталарын кесіп, қаламыздың жасыл желекке айналуына өз үлестерін қосты.

Қызылжар шағын ауданының тұрғыны Бастархан Байжанов бүгін қолына күрек алып, сенбілікке ат салысуға келген. Қазыналы қариямыз өлкесінің көркеюіне үлес қосып, барша қала тұрғындарын туған жердің тазалығын сақтауға шақырады.

Аталған сенбілікке 50-ден аса адам қатысты. Нәтижесінде 5 тонна қоқыс шығарылып, оған 3 техника жұмылдырылды. Жалпы шара халықты игілікті іске шақыру.Сондай-ақ табиғатқа қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға ұйымдастырылған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҮНДІСТАНДА КӨШКІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 358 АДАМҒА ЖЕТТІ

AdiletTV

Ақтөбеде 73 жастағы зейнеткер әйелін емханаға арқасына алып апаруға мәжбүр болды

AdiletTV

«Біз сені ұзақ күттік»: Баян Алагөзова үшінші рет ана атанды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз