Ақпарат Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Саясат

ПРЕЗИДЕНТ ИОРДАН ХАШИМИТ КОРОЛІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Президент Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі. Халықтарымыз арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген қатынастарымызды дамытуға Сіздің қосып отырған үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Болашақта да қазақ-иордан серіктестігін арттыруда бірлесе күш-жігер жұмылдырып, ықпалдастығымызды жаңа белестерге көтеретінімізге кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ

АСТАНА ЖАСТАР ТЕАТРЫ ШЫМҚАЛАМЫЗДА

2,5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ВЕЛОСИПЕДТЕРІН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз