5.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Ақпарат

Шымкентте «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы 30 мамырда өтеді

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады».
Биыл акция Шымкент қаласында Арбатта (Бейбітшілік көшесі 4-6) сағат
16.00-де басталуы жоспарлануда.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң
көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік
өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар,
нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың
басшылары және басқалары бар.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Шымкент қаласының
әкімдігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық
адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен
адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым
қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8 мыңнан
астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке
ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 мыңнан астам азамат
консультация алды.

Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен
географиясы бойынша теңдесі жоқ.

Бөлісу

Related posts

«АБАЙ ӘЛЕМІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Ұлттық банктің бүгінге орнатқан валюта бағамы

AdiletTV

Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі басталмақ

AdiletTV

Leave a Comment