Вице-премьер Қанат Бозымбаев ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. https://kaz.nur.kz/society/2107935-su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-keltirilgen-zalal-qalai-otelip-zhatyr/
28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Жұмыс бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді, оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақыға жатады) болып саналады.
Бүгінгі таңда 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасалды, ол жалпы санның – 84%. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй – апатты деп танылды. Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыларды барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылғанын атап өтті. «Құрылыс маусымының қысқа мерзімін ескере отырып, жұмысты кешіктірмеуіміз керек. Оқу жылының басында тұрғын үй зардап шеккендерге берілуі қажет.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда», – деді Қанат Бозымбаев.