16.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
Ақпарат Әлем жаңалықтары

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылды

Өнімдерді кіргізуге тыйым салынып, кері қайтарылды.

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылып, кері қайтарылды, деп жазады sputnik.kz. Комитет мәліметіне сүйенсек, биыл шет мемлекеттерден жалпы 1075 автокөлікке тиелген 15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталды. Олардың ішінде ,фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін 29,522 тонна қызанақ өнімдері кері қайтарылған Өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізіледі. Нәтижесінде Түркіменстан Республикасына — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына — 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталған. Өнімдерді кіргізуге тыйым салынып, кері қайтарылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БҰҰ Газадағы атысты тоқтату туралы қарар қабылдады

Астанада бір апта бойы жаңбыр жауады

AdiletTV

СҚО-да бір үйдің екі баласы өзіне қол жұмсаған

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз