Ақпарат Жаңалықтар

Аягөз гарнизонында әскери қызметші көз жұмды

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

«Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетіледі», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Батыс Қазақстан облысындағы әлемнен қиылған ауылдың тұрғындары тікұшақпен эвакуацияланды

admin

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

AdiletTV

ҰЛТТЫҚ КИІМ: ЖЕРГІЛІКТІ ДИЗАЙНЕРЛЕР ТОПТАМАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

admin

Пікір қалдырыңыз