20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Қоғам

Құрбан айт: дәрігерлер сақтық шараларын ұмытпауды ескертті

Құрбан айт мейрамы кезінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері тұрғындарға сақтық шаралар тізімін ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында «құдайы тамақ» беру ұйымдастырылады. Осындай іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері мынадай талаптарды сақтауын ұсынады:
Мал сату, сою бекеттерінде:
құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен союды арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру;

мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақтау (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығару;

қызметкерлердің медициналық тексеруден өту және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтау қажет.

Үй жағдайында:
қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;

тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;

шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу;

үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;

ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет, сақтау талабы бұзылса, келесі күні пайдаланбау;

терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау.

Оңтүстік мегаполистің санитариялық дәрігерлері жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау халық арасында тамақтан улану, аса қауіпті және жіті ішек инфекцияларының пайда болуына ықпал етуі мүмкін екендігіне назар аударады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда дәмхананың қасында су аққан

admin

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады

admin

Түркістан облысында көпірдің бір бөлігі опырылғаны үшін ҚТЖ-ға айыппұл салынды

admin

Пікір қалдырыңыз