Оқыс оқиға

Ақтөбе іргесінде екі оқушы мен мектеп түлегі суға батып кетті

Ақтөбе іргесіндегі Кирпичныйдағы саяжай аумағында екі қайғылы оқиға болды. Екі студент пен мектеп түлегі жергілікті Қарағала өзеніне батып кетті, — деп хабарлайды «Диапазон».

Бір топ студенттер демалу үшін өзенге барған. Арада біраз уақыт өткен соң екі жігіт суға батып кетті. Олардың бірінің мәйітін бірден табу мүмкін болмады.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті бірінші жігіттің денесі 13:58-де судан шығарылғанымен, екіншісі табылмағанын хабарлады. Туыстары оны түнгі сағат 03:20-да судан алып шыққан.

Олар Батыс Қазақстан медицина университетінің 4-курс студенттері екені белгілі болды.

Рафхат Қайыржанов 18 мамырда 21 жасқа, ал досы Елназ Жолан 1 мамырда 21 жасқа толған. Рафхат Батыс Қазақстан облысынан, Елназ Ырғыз ауданынан оқуға келген. Университетте үш күндік қаралы күн жарияланды.

Басылымның мәліметінше, 17 жастағы мектеп түлегі бір күн бұрын сол жерде суға батып кеткен.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

AdiletTV

Полицейлер аса ірі көлемдегі мефедронның таралуына жол бермеді

Астанада өртке оранған үйден 15 жастағы қыз құтқарылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз