19.3 C
Shymkent
21 августа, 2025
Ақпарат

Қазақстанда жаңа комитет пайда болады

Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қазақстанда Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитеттердің бірін қайта құру жоспарланып отыр. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz. Үкімет қаулысының жобасында Туризм индустриясы комитетін қайта құру туралы айтылады. «Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрамынан Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылсын», — делінген құжатта. Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу жөніндегі жаңа комитет «салалық мәселелерді дербес және жедел шеше алады». Қаулы жобасының салыстырмалы кестесінде Президенттің 30 мамырдағы қаулысын іске асыру мақсатында жаңа комитет құрылып жатқаны айтылған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

AdiletTV

10 МЫҢ ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

AdiletTV

Димаш Құдайберген Түркістанда не себепті таңғалғанын айтты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз