Ақпарат

Ресейде оқушы кәмпит жеп көз жұмды

Қыз кәмпит жегеннен кейін бірнеше рет құсқан.

Ресейдің Новосібір облысында бастауыш сынып оқушысы аш қарынға кәмпит жегеннен кейін қайтыс болды, деп жазады zakon.kz. Kp.ru ақпараты бойынша қыз кәмпит жегеннен кейін бірнеше рет құсқан. Ересектер дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше желідегі маманның нұсқауын орындаған. Бала бірден жансақтау бөліміне түсті. Алайда қанша тырысып баққанмен дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге «улану» себеп болған. Қазіргі уақытта жағдайды аймақ бойынша тергеу комитеті басқармасының қызметкерлері қолға алған. Олар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Экс-министр Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды

AdiletTV

Кәсіпкерлерге қатысты заң талаптарын сақтау маңызды

AdiletTV

9-МАМЫР МЕРЕКЕСІ: МАЙДАНДАҒЫ ЖЕҢІС – ТЫЛДАҒЫ ЕҢБЕККЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз