1.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Ақпарат

Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынды

Қол қойылған заңдар баспасөзде жарияланады.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға қол қойды. Ол елде «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп жазады inform.kz. Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы», «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілік туралы», «Тәжік ұлттық университеті туралы», «Тәжікстан ұлттық университеті туралы», «Есептеу көрсеткіштері туралы» заңдар және т.б. бар. «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңда басқалармен қатар «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге және сатуға тыйым салынады. Заңды орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған. Бұл ретте киімнің қай түрі «ұлттық мәдениетке жат» деп саналатыны нақты көрсетілмеген. Ховар мәліметінше, жаңа редакциядағы заңдар ұлттық мәдениеттің шынайы құндылықтарын қорғауға, мерекелер мен салт-дәстүрлерді өткізу кезінде ырымшылдық пен наным-сенімге, ысырапшылдыққа жол бермеуге, Тәжікстан халқының рухани және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге, сондай-ақ баланың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, баланы адамгершілік, патриоттық мақтаныш, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу рухында оқыту және тәрбиелеуге бағытталған. Қол қойылған заңдар баспасөзде жарияланады.

Бөлісу

Related posts

Жетісуда зейнеткерді ұлы мен келіні аулаға шығарып тастады деп көршілері дабыл қақты

Еліміз су шаруашылығын дамытуда АҚШ-тың тәжірибесін қолданады

AdiletTV

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AdiletTV

Leave a Comment