20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Ақпарат Әлем жаңалықтары Оқыс оқиға

Ресейде белгісіз адам атыс ұйымдастырды

Бұған дейін Дербенттегі синагога мен шіркеуге белгісіз біреулер оқ атқан.

Ресейдің Ростов облысы бойынша ІІМ өкілі белгісіз адам Батайскідегі көшеде атыс ұйымдастырғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz. Оның айтуынша, Ресей ІІМ-нің Батай қаласы бойынша полиция бөліміне Воровский көшесіндегі оққа ұқсас дыбыстар туралы хабарлама түскен. «Полицейлер белгісіз адамның травматикалық тапаншаға ұқсас заттан оқ атқанын анықтады. Полицейлер күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған іс – шаралар кешенін жүргізуде», — деді РИА Новости. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұған дейін Дербенттегі синагога мен шіркеуге белгісіз біреулер оқ атқан, сонымен қатар Махачкалада жол полициясы бекетіне шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан Республикасы бойынша Тергеу басқармасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205 («Террористік акт») 1-бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін Махачкала мен Дербентке жасалған қарулы шабуылдың салдарынан алты полицейдің қаза тапқаны белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 15-тен астам полиция қызметкері, сондай-ақ бірнеше бейбіт тұрғын, соның ішінде Орыс православие шіркеуінің діни қызметкері лаңкестік әрекеттердің құрбаны болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Дағыстандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Израильде жаппай наразылық орын алды

Әр жеңімпазға — 1 миллион теңге: жұмыс істейтін жастар арасында жаңа конкурс жарияланды

AdiletTV

Дохада Израиль мен ХАМАС арасындағы оқ атуды тоқтату жөніндегі келіссөздер өтеді

Пікір қалдырыңыз