9.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Ақпарат

Мерзімінен бұрын зейнетке шығу тоқтатылады

1 шілдеден бастап Қырғызстанда мерзімінен бұрын зейнетке шығу туралы норма жойылады.

Бұл туралы «Биринчи радиосы» («бірінші радио») эфирінде Әлеуметтік қордың жұртшылықпен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Жеңісбек Мұқамбетов мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz. Ол зейнетке шығу жасы ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас екенін еске салды. Сонымен қатар, егер адамда талап етілетін қызмет өтілінен артық 15 жыл болса, оған үш жыл бұрын зейнетақы тағайындалады (60 жастағы ер адамдар, 55 жастағы әйелдер). Сонымен қатар, қарапайым зейнеткерлікке шығу үшін қажетті еңбек өтілі (әйелдер үшін 20 жыл және ерлер үшін 25 жыл) бес жылға дейін төмендетілді. Бұл шара 2025 жылдың соңына дейін қолданылады. «Яғни, адамға бес жылдық еңбек өтілі болса да, зейнетке шығу құқығы беріледі. Бұрын талап етілетін өтілі жоқ азаматтарға 3170 сомдық зейнетақының базалық бөлігі толық тағайындалмаған. Енді бұл норма күшін жоғалтты. Яғни, кемінде бес жыл еңбек өтілі бар барлық азаматтар базалық бөліктің толық сомасын алатын болады», — деп түсіндірді Мұқамбетов. Қазақстандағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жас — 63 жас, әйелдер үшін — 61 жас деп белгіленген.

Бөлісу

Related posts

Астанада бір апта бойы жаңбыр жауады

AdiletTV

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AdiletTV

Бауырларымызға жаңа табыстар тілейміз — Шавкат Мирзиёев

AdiletTV

Leave a Comment