adilettv

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЕСІРТКІ ПЛАНТАЦИЯСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Полиция қызметкерлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады. Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде көкнәр-54 келі, марихуана-53 келі. Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл ауданының полиция бөліміне уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. «Қарасора-2024» іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіруді, транзиттеуді, алқаптарын және есірткі зертханасын жоюды, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс — шаралар одан әрі жалғасатын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДА 100-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШКЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ

AdiletTV

Мемлекеттік гранттар арқылы кәсіпкерлікті қолдау – Шымкент экономикасының дамуындағы жаңа серпін

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз