10.3 C
Shymkent
8 сентября, 2024
adilettv Ақпарат

ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ КӨП ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

Қазақстанда мектепке дейінгі оқытуға дербес мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын. Содан бері Шымкентте жеке меншік балабақшаның құрылтайшылары мен ата –аналары аталған жобаның жұмысында жүйелік жоқ екенін айтып табанынан тозып наразылық білдіріп келеді. Балабақша қызметкерлерімен ата –аналар аталған жобада шикіліктің көп екенін алға тартып,көңілдері толмайтынын жеткізді. Олар Білім басқармасының ғимартының алдына жиналып, күрмеуі шешілмеген мәселенің шешімін сұрады. Жаңа жоба тіпті ата-аналардың да жүйкесін жұқартып үлгеріпті. Мадина Өмірбек шымкент қаласы еңбекші ауданының тұрғыны. 2 қыздың анасы бүгінде балалары бақшаға бару үшін мкен жайын ауыстыруға мәжбүр екендігін айтады. Балаларымды не мемлекеттік не жекеменшік балабақшаларға бере алмаймын,себебі аталған жоба ата-аналардың бағы емес соры болды,-дейді.

МАДИНА ӨМІРБЕК АТА-АНА –Баламды не өкіметтік садикке бере алмаймын, не жекеменшікке бере алмаймын.Жекеменшік садикке беру үшін менің балама бірдестен күту керек. Оны 1 ай жоқ дегені. Егер и то ілінсе.Базадан сіздің балаңызға орын шықты дегеннің өзіндеде мен баламды күту үшін 3 айға дейін мәжбүрмін. Бұл пилоттық жоба ата-ананың нағыз қанішер соры болды.Мен сіздерге как есть айтайын. Потому что не баланы кіргізе алмасақ,не жұмысымызды жасай алмасақ біз күнімізді қалай көреміз?

6 ай бұрын енгізілген пилоттық жоба аясында ата-ана кезекке тұрып балабақшадан балаларына орын алуы тиіс болған. Алайда, ұсынылған жобада шикіліктің бар екендігін аңғарған меңгерушілер мен бақша құрылтайшылары шашеткектен шығынға баттық,-деп жан айқайын айтып шағымдануда. Мектепке ауысқан бүлдіршіндердің орнына бала алуға мүмкіндік жоқ, себебі бұл жобаның дұрысқұрылмағандығын айтады.

АҚМАРАЛ ЕСНАЗАРОВА БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ -6 айдан бері біз әкімшіліккеде барып жатырмыз,білім басқармағада шығып жатырмыз,министерствағада шығып жатырмыз. Бірақ өзгеріп жатқан ештеңе жоқ.Міні июль айы болды,ертең тамыз айы болады біз балаларды қабылдау керекпіз. Біз қбылдай алмай жатырмыз.Біз өзіміздің тәрбиеші педагогтарды отпускаға шығара алмай отырмыз,отпускной төленбей жатыр.Балаларды бақшаға қабылдай алмай жатырмыз.Міні ата аналар бізді талап жатыр ьіз білім басқарамсын келсек білім басқарма ешетңемен көмектесе алмай жатыр.Біз пилоттық жобадан бастартамыз. Басқа нәрсе жоқ.

Пилоттық жобаның шикілігін білім басқармасындағылар да мойындайды.Түбегейлі кіріктірілмеген күрмеуі көп пилоттық жобаның шапағатынан гөрі машақаты ми қатыратынын министрлікке жолдапты.

Енгізілген жоба мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында әзірленген. Бірақ 10 күннен бері міні көп жобаға қатысты министрліктен әлі жауап келмепті. Көп өңірде енгізіліп, көпті сандалтқан жобаның нүктесі жуық арада қойылады деген үміттенуде жауаптылар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

AdiletTV

Астанада компьютер ұрлаған адамның үстінен іс қозғалды

AdiletTV

Тоқаев православ қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз