26.3 C
Shymkent
20 августа, 2025
adilettv

ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІН КІМ БАСҚАРУДА?!

Мәдениеттегі мәдениетсіздік.Қала әкімі сенім артқан мәдениет басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев БАҚ өкілдеріне жауап беруден неге қашып жүр? Редакция тарапынан бірнеше рет байланыспақ болдық. Ал басқарма басшысының жаңадан келген баспасөз хатшысы уақыттың тығыздығын желеу етіп, кездесуді ұйымдастырып бере алмады. Осы мәселе бойынша біз Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Ержан Іргебайұлына қоңырау шалып, мәселенің мән жайын айтып түсіндірдік. Хабарын беретінін жеткізді. Ал салаға жауапты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы да бұл жайттан хабардар. Алайда, көңіл көншітерлік жауап жоқ. Әкім аппаратына не көз тиді?
Кезінде былыққа батып, миллиардтаған қаржыны жымқырған салада бүгінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Журналистік зерттеу бойынша Бауыржан Орынтаевқа қатысты сұрақтарымызды дайындап барғанымызда жиналыстан жиналыста болып ұстатпады. Қала әкімі сеніп тапсырған бұл сала мен бұл кадр халықтың сеніміне біраз селкеу түсіруде. Әсіресе бухгалтерлер тақырыбы сын көтермейді. Жаңадан ашылған «TULIP HALL»-ға басшы өзінің бухгалтерін бірге ертіп келсе, цирктің басшысы бухалтер таппағандай зейнеттегі бұрынғы бухгалтерін қайта жұмысқа алған. Естуімізше, зейнет жасынан асып кеткен. Тіпті, мәдениет саласына қатысты мекеменің көбісін зейнеткерлер басқарып отырған жайы бар. Модернизациялауға бөлінген қаржы тексеріліп, зерделенбей аяқсыз қалып отырғаны тағы бар. БАҚ өкілдеріне жабық болған басшы, мәдениетсіздік танытумен қатар , ҚР БАҚ туралы заңның тиісті баптарын бұзып отыр. Біз бұл мәселені енді Ғабит Сыздықбековтың назарына ұсынып, салаға қатысты сауалдардың жауабын қала әкімі береді деген ойдамыз. Аталған мәселе Хан телеарнасының бақылауында болады. Еске сала кетейік, мәдениет басқармасының басшысы Бауыржан Орынбасарұлының мамандығы бойынша біліктілігі — жерге орналастыру, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

AdiletTV

На административной территории УПП № 61 МПС Туран ГПД Шымкент проводится разъяснительная работа для студентов колледжей вузов по актуальным вопросам в обществе.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Тұран АПБ жыл басынан бері 16 мың 824 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз