12.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
adilettv

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ БАСЫНАН ДАУ АРЫЛМАЙ-АҚ ҚОЙДЫ

Нүргүл Шамшиева Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы болып келгелі бері басынан дау арылмай қойды. Соңғы кездері түрлі сайттар мен әлеуметтік желіде Шымкент қаласының білім беру саласына қатысты бірнеше сыни пікірлер айтылып келеңсіздіктер орын алғаны мәлім.Сондай даулы мәселенің бірі Қазақстанда мектепке дейінгі оқытуға дербес мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жобаның шикілігі.Сонымен қатар жаз мезгілі басталғалы бері балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінің дер кезінде жұмыс жасамағаны тағы бар.Жоғарыда аталған жобаға балабақшалардың құрылтайшылары көңілдерінің толмайтындарын айтып наразылықылық танытты.
НОЛ: Жаңа жоба тіпті ата-аналардың да жүйкесін жұқартып үлгеріпті. Мадина Өмірбек шымкент қаласы еңбекші ауданының тұрғыны. 2 қыздың анасы бүгінде балалары бақшаға бару үшін мекен жайын ауыстыруға мәжбүр екендігін айтады. Балаларымды не мемлекеттік не жекеменшік балабақшаларға бере алмаймын,себебі аталған жоба ата-аналардың бағы емес соры болды,-дейді.

6 ай бұрын енгізілген пилоттық жоба аясында ата-ана кезекке тұрып балабақшадан балаларына орын алуы тиіс болған. Алайда, ұсынылған жобада шикіліктің бар екендігін аңғарған меңгерушілер мен бақша құрылтайшылары шашеткектен шығынға баттық,-деп жан айқайын айтып шағымдануда. Мектепке ауысқан бүлдіршіндердің орнына бала алуға мүмкіндік жоқ, себебі бұл жобаның дұрыс құрылмағандығын айтады.

Әділдік іздеп шырылдаған балабақша құрылтайшылары мен меңгерушілері білім басқармасының үстінен сотқа арызданған еді. Әділ сот нәтижесіне сәйкес Жас кемеңгер 13, Раяна,Әлем, Шапағат,Алақай, атты балабақшалары әділдікпен жеңіп шыққан. Қызметке тағайындалғалы бері білім басқарамасының басшысы Нүргүл Шамшиева бірқатар жекеменшік балабақшалармен соттасып келген еді.Басқарма тарапына осы күнге дейін құзырлы органдар тарапынан қызметіне ескертулер мен шаралар қолданылған болатын. Алайда түйіткілді мәселелердің шешемі теріске айналып, сиырқұйымшақтанып кетті. Айта кетейік бұған дейін шымкент қалалық білім басқармасының жұмысы мен білім сапасы республика бойынша көш бастап келген болатын.Осы мәселені қала әкімі Ғ.Әбдіжамитұлының назарына ұсына отырып бұл салаға білім саласының сапасын арттыратын білімді де,тәжірбиелі маман тағайындайтын уақыт жеткенін әкім ретінде қабылдаса игі еді. Себебі, халық шаршады.

Бөлісу

Related posts

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

Қазатомөнеркәсіп QAMS номинациясында жеңімпаз атанды

ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

AdiletTV

Leave a Comment