Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері жазғы ашық алаңда басталады. Жыл сайын Түркістан облысы Түлкібас ауданы «Машат –Арасан» оқу –сауықтыру лагері өзі жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Балаларды лагерге қабылдау 1 маусымда басталған болатын. Оқу сауықтыру орталығының мақсаты — балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту. Жазғы ашық алаңда балалардың жазғы демалыс кезеңде бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған.
Салтанат Еркінбек, Санжар Аязбек, Гүлнұр Тұрдалы өз сыныбындағы белсенді оқушылар. Лагерге жыл сайын сайын келіп тұрады. «Машат-Арасан» лагерінің ерекшелігі іс-шаралардың көп өтетіндігінде дейді жас өрендер. Олар бұл жерден достар тауып, түрлі іс шараларға белсенді қатысуда.
«Машат-Арасан» лагерінде оқушыларға жетекшілік жасайтын тәлімгерлердің де жұмысы қауырт. Себебі олар әр баламен жеке жұмыс жасап, олардың қызығушылығын арттыруда. Осындай тәжірибелі тәлімгерлердің бірі Эмир Уазиров. Ол алты жылдан бері жаз мезгілінде лагерлерде оқушыларға жетекші болып жұмыс жасайды. Балармен өткізген уақыт ұнайды, сондықтанда осы саланы таңдадым дейді ол.
Оқушылар бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқу-сауықтыру орталығында үйірмелер жйүелі жолға қойылған. Атап айтар болсақ ән-би үйірмелері, спорт үйірмелеріне оқушылар белсенді қатысуда. Сондай –ақ оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тауға шығарып серуендету ұдайы жүргізіліп отырады. Ал ата аналар балаларының демалысын келіп көруге толықтай мкіндіктері бар.
Машат –арасан оқу сауықтыру орталығында сонымен қатар оқушыларға бес мезгіл тамақ беріледі. Ас мәзірінің сапасы мен құрамы үнемі бақылауда. Ал оқушылардың денсаулығын қадағалау үшін арнайы мейірбикеде жұмыс істейді. Айта кететін жәйт, жыл сайын балалар «Машат-Арасан» лагерінің жаңа маусымының ашылуын асыға күтеді, онда қызықты уақыт өткізеді және көптеген жаңа достар табады. Әр балаға ерекше педагогикалық тәсіл таңдалады. Осылайша, жазғы алаңның әр күні қанық және балалық шақтан көптеген жағымды әсер қалдырады.