3.3 C
Shymkent
18 октября, 2024
adilettv

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ ПА?

Шымкентте 3-ші Шағынаудан тұрғындарының үш күннен бері сасық иістен түнде ұйқысы, күндіз мазасы кеткен. Оған аула маңындағы қолқаны қабатын қолаңса иіс пен тау болып үйілген қоқыс себеп болыпты. Тұрғындар бірнеше күннен бері тазаланбаған қоқыстың салдарынан аулада отыру былай тұрсын, терезені емін-еркін ашудан қалдық дейді. Сасық иіске әбден тұншықтық деп шырылдаған бұқараның базынасын сюжеттен көріңіз
Бұл тұрмыстық қалдықтар жинайтын алаң емес. Қаланың қақ орталығындағы жай ғана қоқыс жәшіктер тұратын аумақ. Куә болғандарыңыздай бұл қоқыс алаңы бірнеше күннен бері қала сыртына шығарылмағандықтан, үйіндіге айналған. Салдарынан тұрғыдар қолқаны қабатын жағымсыз иістен аулаға шығып серуендемек түгілі, терезені ашу мүмкін емес дейді.

Тұран ауданы әкімідігі аталған тұрғын үйдің аумағы күні кеше ғана қоқыстан тазартылған деп отыр. Жауаптылардың сөзінше қоқыстың дәл бұлай үйіндіге айналуына жергілікті тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Әкімдіктігілердің сөзінше жаз мезгілінде қоқыс жәшігінің лезде толып, асып-тасуы қалыпты жағдай екен. Сол себепті жауапты ШымкентСпецКомплекс мекемесі қоқыс алаңшасының барлығын бірдей тазартып үлгермейтінін айтады..

Осылайша, Тұран ауданы әкімідігінің қызметкерлері жәшігінен асып, үйіндіге айналған қоқыс алаңы күні кеше ғана тазартылған деп міз бақпады. Жауаптылардың сөзінше қоқыс жәшігі егер бірнеше күн тазартылмаған болса үлкен үйіндігіге айналады екен. Сонда телеарнаның түсірілім тобы түсірген мына кадрларда қоқыс алаңы үйінді емей немене?

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Оқытушылар мен ғалымдарға қосымша ақы төленбек

г. Шымкент: с начала года сумма ущерба, причиненного интернет-мошенниками, составляет более 690 млн тенге.

AdiletTV

Шымкент пен Сиань қалалары арасында ынтымақтастық артады

Пікір қалдырыңыз