13.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ЛАСТАУДЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ ДЕРЕГІН ПОЛИЦИЯ АНЫҚТАДЫ

ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ЛАСТАУДЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ ДЕРЕГІН ПОЛИЦИЯ АНЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы ретте Полиция департаментінің құрылымдарымен абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан 22 439 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 13 647, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіргені үшін 5 690, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру бойынша 3 102 жайт тіркелді. Ал ағымдағы жылдың шілде айында 2672 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жылдың соңына дейін жалғасын табады және бұл жұмыстар күнделікті облыс әкімі мен Полиция департаменті бастығының назарында. Осыған байланысты тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттырыңыздар деп ескертеміз.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Есірткіге қарсы күрес екпін алды

AdiletTV

Шымкент қаласы: Республика көлемінде “Мал ұрысы” жедел профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр.

AdiletTV

Шымкентте көлік қағып кеткен 9 жасар бала қаза болды

Leave a Comment