20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
adilettv

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

Шымкентте 10 жыл бойы қараусыз қалған «Фосфоршылар сарайы» қайта жаңғыратын болды. Ғимараты жіті экспертизадан өткізген мамандар нысан әбден ескіріп, тозығы жеткенін айтады. Сол себепті бұл ғимарат қайта жөндеуге келмейді екен. Сол себепті фосфоршылар сарайы толық сүріліп, қайта салынады.
Ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған бұл ғимарат 1975 жылы пайдалануға берілген. Соңғы 10 жылдай уақыт бойы қараусыз қалған нысан әбден бүлініп, қираудың шақ алдында тұр. Сондықтан бұл ғимарат қайта күрделі жөндеуге жатпайтын болғандықтан толықтай сүріліп, қазіргі кескін-келбеті сақтала отырып, қайта тұрғызылмақ.

90 жастағы Өркен Әбдіреев Фосфоршылар сарайы қараусыз қалған сәттен бастап бұл мәселені ұдайы көтеріліп келген. Алайда, соңғы 10 жылдың ішінде мегаполис әкімі 3 рет ауысса да бұл мәселені бірде-біреуі қолға алмаған. Ақсақалдың мәселесіне тек Шымкент қаласының қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбеков қана құлақ асыпты.

Фосфоршылар сарайын қайта жаңғыртуды «Сәби» қайрымдылық қоры жүргізетін болады. Яғни, ғимарат толықтай сүріліп, тарихи кескін-келбеті сақтала отырып, заман талабына сай барлық талаптар сақтала отырып, жаңа ғимарат бой көтеретін болады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандықтардан грантты әзірлеуді талап ету заңды ма, деп жауап берді заңгер

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз