16.3 C
Shymkent
20 сентября, 2024
adilettv

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ЖШС басшылары мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндетті. Декларацияны үйде жеке кәсіпкерлік ретінде жұмыс істейтін кондитерден бастап зауыт иесіне дейін барлығы тапсыру қажет. Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларациялауға 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшеді. 2021 жылы басталған міндеттеменің келер жылы төртінші кезеңі басталады.
Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары белгіленген тәртіп бойынша өздері жайлы толық мәліметті ұсынулары тиіс. Мұндағы негізгі міндет сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету,жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құрып, әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру болып табылады.Ал,келер жылдан бастап еліміздің барлық азамат азаматшалары тапсыруға міндетті.Декларация тапсырудың ең қолайлы жолы — онлайн тапсыру. Кәсіпкер өзіне ыңғайлы сайт таңдап, декларация туралы бөлімге өтіп, нұсқауларды орындауы керек. Декларацияға цифрлық қолтаңба немесе SMS пароль арқылы қол қоюға болады.Салық төлеушінің кабинеті — «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсыну бөлімі egov.kz порталы және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ринат Зайытов: «800 мың теңге жалақым жетпейді»

Шымкент қаласы: Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары жүргізілді

AdiletTV

Апта басындағы валюта бағамы белгілі болды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз