15.3 C
Shymkent
5 апреля, 2025
adilettv

ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Маңызды жобалар жүзеге асуда. Ордабасы ауданында жаңа зауыттың капсуласын салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысты. Аудандағы «CENTRAL ASIA ALUMINUM» зауытының құрылыс алаңында болған облыс әкімі алюминий профильдерін өндіру жобасының жүзеге асырылу барысын көрді. Инвестормен кездесіп, пікір алмасты. Жаңа зауыт құрылыс жұмысы аяқталған соң келесі жылы алғашқы өнімін шығаруды жоспарлап отыр.

Алюминий профильдерін шығаратын зауыттың құрылысы басталып кетті. Жер жұмыстары жүруде. 2025 жылдың I тоқсанында жобаның бірінші кезеңі іске қосылып, 180 адам жұмыспен қамтылады. Ал ІІ кезеңінде 150 адам жұмысқа шақырылмақ. Жалпы 7,5 млрд. теңге инвестиция тартылады. Әр кезеңде 10 мың тоннадан өнім өндіріледі деп күтіліп отыр. Түркістан облысында кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту, жаңа жобаларды сүйемелдеу бағытындағы жұмыстар жалғасады. Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Ордабасы ауданына қарасты Ақбұлақ елді мекеніндегі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою маңызды екенін айтып, жауапкершілікпен жұмыс істеуді міндеттеді. Сондай-ақ, Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды. Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі 1 қабатты, 2 пəтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысымен, қазіргі жай-күйімен танысты. Үйлердің құрылысы өткен жылы басталып, биыл аяқталған. Жалпы алаңы – 750 шаршы метр болса, 1 үйдің аумағы – 62,5 шаршы метр.

Бөлісу

Related posts

ЕҰУ ғылыми әзірлемелер мен идеяларды коммерцияландыру үшін гранттар тағайындады

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №8 тірек пунктінде «Қарасора» іс-шарасы барысында УТП қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 300 бабымен 3 (үш) жәй анықталды.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №6 тірек пунктінде интернет алаяқтықтың алдын алу үшін базар аумақатарында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

AdiletTV

Leave a Comment