13.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

СИҚЫРҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

Сиқырлау, дуалау, көз тию. Бір қарасаңыз, адам сенгісіз нәрсе. Алайда, тылсым дүниенің сіз бен біз біле бермейтін тұстары көп. Өкініштісі сол, сиқырдың салдары қасіретке әкеліп жатқан жайттар қоғамда жиі орын алып жүр. Көреалмаушылық па әлде қастандық па?
Ел арасында “дуалап тастапты, сиқырлап қойыпты” сынды тіркестерді жиі естіп жатамыз. Бірі үйінің алдынан ине тауып алса, енді бірі қорқынышты қуыршақты көріп, есінен адаса жаздайды. Зұлымның мақсаты біреу. Теріс пиғылын жүзеге асыру арқылы адам тағдырының тас талқанын шығару. Редакциямызға келіп жүгінген мына кейіпкеріміз де түсініксіз жайтқа жиі тап болып жүргенін айтады. Сөзіне сенсек, жейдесі өздігінен жыртылып, жиі басы ауыратынды шығарыпты. Соңғы бір ай ішінде аурухананың табалдырығын тоздырдым дейді ол.

Шариғатқа сүйенейік. Сиқыр жасатып, зұлымдық жасаған адамның арғы дүниеде арқалайтын жүгі ауыр болатыны анық. Ал сақтану үшін үнемі зікір айтып, дұға оқып жүру қажет дейді имам.

Сиқырдан түбегейлі арылу қиын. Сол үшін дін жолында жүрген жандардың кеңесін алып, таза жүріп, таза тұрған дұрыс. Тек дер кезінде әрекет ету маңызды.

Бөлісу

Related posts

ШЫМКЕНТ: 15 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталады

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ДА РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

AdiletTV

Leave a Comment