Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы заман талабына сай жабықталған!

60 жылдан аса тарихы бар Ордабасы аудандық ауруханасы бүгінде халық игілігі үшін жұмыс жасап келеді. Заман талабына сай жабдықталған мекемеде; 1 аудандық орталық аурухана: 1 аудандық орталық емхана, 5 БМСК орталығы (Төрткул, Бадам, Қараспан, Бөржар, Шұбар), 6 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік бекет, 13 медициналық бекет, 285 төсек орындық стационар және 100 төсек-орынды күндізгі стационарлық медициналық көмек беруде.
Тұрғындарға бір ауысымда қуаттылығы 500 емделушіні қабылдауға мүмкіндігі жеткілікті емхана жұмыс жасайды.
2022 жылдың соңында Компьютерлік томография аппараты орнатылып, халыққа сапалы жаңа медициналық көмек түрі қызмет көрсете бастады.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасында жаңа заманауи аппараттар мен толықтырылып инновациялық медициналық көмекті жандандыру мақсатында, 2023 жылда бірнеше жаңа заманауи медициналық қондырғылар алынып, халық игілігіне пайдалануға берілді , атап өтетін болсақ:
1.Бронхоскопиялық аппарат-тыныс алу жүйесінде, әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын арнайы әдіс болып табылады.
2.Жоғары эксперттік сыныбына жататын Ультрадыбыстық зерттеу аппараты (Samsung Madison HS40) жүтілік кезінде болуы ықтимал қауіпті белгілерді дер кезінде анықтайды.
3.Өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ)- бүгінгі таңда тыныс алудың бұзылуын емдеудің белгілі қуатты әдісі және басқа да іс-шаралармен бірге адам ағзасының өмірлік функцияларын қалпына келтірудің маңызды тәсілі — бұл өкпені жасанды желдету құралы.
4. Италия мемлекетінің «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы Ангиографиялық жүйесі жабдығы орнатылды.
5. Япония мемлекетінің «Canon Aplio a550» ультрадыбыстық аппараты орнатылып,тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде мол мүмкіндіктерге ие болып отыр.
2024 жылдың 1 ақпан айынан бастап Ангиографиялық орталық жұмысын жасайды. Айта кетейік бұл аппараттың мүмкіндіктері көп. Ангиография – бұл қан тамырларын арнайы рентгендік контрастты заттардың көмегімен рентгенологиялық зерттеу. Кәдімгі рентгенограммаларда артериялар, веналар мен лимфа тамырлары көрінбейді, өйткені олар айналасындағы тіндер сияқты рентген сәулелерін жұтады. Сол себепті ангиография тәсілі қолданылады. Артерияны зерттеу үшін артериография, веналарды зерттеу – венография (флебография), лимфа тамырларын зерттеу – лимфография деп аталады. Тамырларды жасанды контрасттау үшін оған йодтың органикалық қосылыс ерітіндісін енгізеді. Бұл зерттеу тамырдың зақымдануын және даму ақауларын (аневризмалар, тамырдың тарылуы, мальформациялар), тамырдың өткізгіштігінің бұзылуын, ісіктерді және т.б. анықтауға ерік береді.
Мына жағдайларда ангиографияға қарсылық бар:
— жедел қабыну және инфекциялық кеселдер;
— науқастың ауыр жай-күйі;
— психикалық дерттер;
— анық білінетін жүректік, бауырлық және бүйректік тапшылық;
— йод препараттарына аллергиялық реакциялар.
Зерттеу алдында дәрігер науқастың процедураға келісімін алуы тиіс. Тексеруден бұрын кешке транквилизаторлар тағайындалады. Сырқат таңғы асты ішпейді. Зерттеу аймағындағы қылшықтар қырылып алып тасталады. Зерттеуге дейінгі 30 минутте премедикация жасалады: антигистаминдік препараттарды енгізу (аллергиялық реакциялардың профилактикасы), транкивлизаторларды, анальгетиктерді енгізу.
Зерттеуді тамырдың пункциясы (тесу) немесе оны катетерлеу (тамырға сол арқылы контрасттық зат енгізілетін арнайы катетер салу) арқылы жүргізіледі. Науқасқа бір тәулік бойына төсек режімі нұсқалады.
Ал, Ангиографиялық орталықта бүгінге дейін төмендегідей оталар жасалынды:
Бас миының тамырларына Селективті ангиография, ми тамырларына стент орнату, трепанациялық декомпрессия, жұлын ішілік дренаж орнату, коронарография , стентирование коронарных сосудов, ангиопластика коронарных артерии.
Жарақаттарға жасалынған оталардың түрлері:
Жамбас сүйегінің бұғатталған интрамедулярлық остеосинтезі (БИОС)
Жамбас сүйегінің бұғатталған интрамедулярлық остеосинтезі (БИОС)
Бұғатталған экстрамедулярлы бұғана остеосинтезі (БИОС)
Иық сүйегінің экстрамедулярлық бұғатталған остеосинтезі (БИОС)
Білек сүйегінің экстрамедулярлық бұғатталған остеосинтезі (БИОС)
Төменгі аяқ сүйектерінің экстрамедулярлық бұғатталған остеосинтезі (БИОС)
Пластина мен инені қолданатын басқа оталар
Гофманның сыртқы аппаратын пайдалану
Металл құрылымын жою
Сонымен қатар осы аудан ауруханасында Ангиографиялық орталықтың ашылуы арқылы ауыр инсультке, жарақатқа шалдыққан науқастар сапалы және жоғары деңгейдегі медициналық көмекті жақын жерден, уақытылы алып отыр. Бұрын осы диагноздармен науқастар облыс орталығына барып жүгінетін.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында құтыру ауруының себептері туралы түсіндірілді.

AdiletTV

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық ауруханасы ескертеді; Маймыл шешегі-адамға ауа тамшылары немесе байланыс арқылы берілетін вирус.

AdiletTV

Қазақ жігіті Америкада компания ашып, оны 200 миллион долларға сатты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз