3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханада жыл басынан бері 115науқасқа коронарография әдісмен ота жасалған

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері 115 науқасқа коронарография əдісімен ота жасалған. Жоғары технологиялық операция кезінде дәрігерлер тіліксіз әдіспен науқастардың жүрек-қан тамырларына стент орнатуда. Жоспарлы түрде келген науқастарға МӘМС аясында тегін көмек беріледі. Ал шұғыл түрдегі отаға «Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек» (ККТМК-ГБОМП) түрімен жүзеге асырылып отырады.
Коронарография мамандандырылған операциясы ангиограф аппаратының көмегімен жасалады. Ангиография орталығы 2024 жылдың бірінші ақпан айында ашылды. Оның көмегімен бірінші кезеңде жүректегі қан тамырларын тексеріп, сырқатын нақты анықтай алады. Диагностикалық тексеруден кейін диагнозы расталған пациенттерге тіліксіз, катетердың көмегімен тарылып бітелген қан тамырларына стент орнатып береді.
Ордабасы аудандық орталық аурухана базасында коронарография әдісін жүргізу арқылы жүрекке жоғары технологиялық ота жасалынуда. Мұндағы мақсат – науқастарға дер кезінде медициналық көмек көресту. Білікті мамандар жасақталып, қазір осы саланы дамыту жағын мықтап қолға алынды. Енді науқастарды облыс орталығына жібермей-ақ, аудан деңгейінде операция жасап, денсаулықтарын сауықтыруға болады» .
Бұл Ангиограф аппаратының аудан орталығында болуы үлкен жетістік. Аппараттың қан тамыры ауруларының диагностикасы саласында мүмкіндіктері өте үлкен.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасының фтизиатр дәрігері Олжабаев А: туберкулезді жеңу жолдарын айтты.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында құтыру ауруының себептері туралы түсіндірілді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) жұқпасының негізігі себептері

AdiletTV

Leave a Comment