-6.7 C
Shymkent
14 ноября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) жұқпасының алдын алу жұмыстары түсіндірді.

АИТВ — (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) қазіргі уақытта ол ғасыр дертіне айналып отыр, және жылдан жылға ғасыр дертінің өсу үрдісі байқалады.Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні жасауға жұмыстар жүргізіп біршама жетістіктерге жеткенімен, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу – инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы.
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады.
ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
-жыныстық қатынас;
-вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
-анасынан нәрестеге жұғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті.
Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.
Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес.
Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:
— салауатты, әдепті өмір сүру;
— кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі);
— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИТВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);
— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.
Кез-келген азамат АИТВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда, Нұрсұлтанда, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс, аудан орталықтарында ашылған зертханаларға барып тексерілуіне болады.
Еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден жалтарушы, ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғайды.
Есіңізде болсын: Сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда!
АИТВ статусын білу мақсатында сіздер мамандар тарапынан кеңес алып, тегін, жасырын АИТВ-ға тексеріле аласыздар.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы; Ордабасы ауданы конго-қырым геморрагиялық қызбасы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы адам папиллома вирусы туралы ескертпе жасады!

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында 10ға жуық мектеп оқушыларына жолдағы сақтық шараларын түсіндірді.

AdiletTV

Leave a Comment