adilettv

«МЕЙІРІМДІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ» АТТЫ ТЕРАПИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» Комуналдық Мемлекеттік Мекемесінің ұйымдастыруымен «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығы және «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығының тәрбиеленушілеріне арнайы психологиялық акватерапия өтті.
Акватерапияның мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің тактильді-кинестетикалық сезімталдықты және қолдың нәзік моторикасын дамыту, баланың психо-эмоционалды жағдайын тұрақтандыру. Жалпы аталған іс-шараға 40-қа жуық балалар қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше мұндай шаралар балалар мен жсөспірімдер үшін пайдалы болмақ.
Акватерапия Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы сондай-ақ, бірқатар кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылды.
Терапия барысында балаларға акватерапия бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше психологиялық әдістемелер мен ойындар ойнатылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Наш продукт — наш бренд: Качество казахстанской продукции и экспорт

AdiletTV

Хабарландыру

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз