8.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Фронт офис» пациенттерді қолдау бойынша қызмет істейді.

Ордабасы аудандық орталық ауруқанасының «Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама» қызметін дәрігер сарапшы Дүйсен Гулшырын Убайдановна және МӘМС бойынша туындаған мәселелерді аға мейірбике Қолдас Анар Сүлейменқызы атқарады. Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің міндеті ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын сараптап, сондай-ақ халықпен өзара қарым-қатынас орнатады. Яғни келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарап және пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған мәселелерді сол мезетте реттеп отырады.
Көбінесе пациент өзіне қажетті ақпаратты ала алмағаны үшін немесе оған дұрыс көмек көрсетілмегені үшін ренжиді. Бұл жағдайдағы азаматтар қайда жүгінуді және қажетті көмекті қалай алуға болатынын білмейтін жағдай жиі туындайды. Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің қызметкері барлық сұрақты түсіндіреді, қажет болған жағдайда науқасты тиісті орынға ертіп апарады.
«Көбінесе қажетті дәрігердің қабылдауына жазыла алмаған немесе ультрадыбыстық зерттеуден өту үшін талондары жоқ адамдар келеді. Кейбіреулері операцияға дайындалып жүреді және бірінші кезекте қайда бару керегін толық түсінбейді. Медициналық көмек көрсету кезінде даулы жағдайлар да туындайды. Кейде пациент емдеудің алгоритмі мен тиімділігі бойынша түсініктеме алғысы келеді. Мұндай жағдайларда біз оны бірден сол жерде реттейміз, жағдайды науқастың пайдасына шешуге тырысамыз.
Егер қарастыру нәтижелері бо¬йынша, пациенттің құқықтары бұзылған болса, оны қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылданады. Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне келіп түскен өтініш бойынша жұмыстың нәтижелері өтініш берушіге де, медициналық ұйымның басшылығына да хабарланады. Олардың негізінде бар проблемаларды талдау, жағдайды жақсарту жолдары арқашан аудан халқына сапалы медициналық көмекті ұйымдастыру болып табылады.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АИТВ/ЖИТС (ВИЧ/СПИД) жұқпасының негізігі себептері

AdiletTV

Түркістан облысы: 2024 МӘМС төлемі қанша теңге төленеді.

AdiletTV

Түркістан облысы: МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай тексеруге болады?

AdiletTV

Leave a Comment