2.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

ДОНОР БОЛЫП, ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Жастармен бірге!” ұлттық онкүндік шеңберінде «Өзгеге өмір сыйла» атты еріктілердің қан тапсыру акциясы өтті. Жалпы саны 50-ден астам жас толық тексеруден өтіп, донор болуға мүмкіндік алды. Шымкент қалалық қан тапсыру орталығына таңмен таласа жиналған еріктілер санитарлық нормаларды сақтай отырып, толық тексеруден өтті. Солардың бірі Нұрразы Арапбай. Ол қан беру — өзгеге жаңа өмір сыйлаумен тең дейді. Сондай-ақ «Басты ойымыз ауруханаларда қанға мұқтаж жандарға аз да болса, септігіміз тисе екен деген ниетте.Атаулы шараның негізгі мақсаты- жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін түсіндіру. Донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау,-дейдң ұйымдастырушылар.Жыл сайын қан тапсыруға ниетті адамдардың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Қан тапсыруға небәрі 15 минутқа жуық уақыт кетеді. Алдымен әр донор өзі туралы сауалнама толтырады. Қан тобы мен құрамындағы гемоглобин мөлшерін анықтайтын сараптамадан өткеннен кейін ғана қан тапсыруға рұқсат етілген. Сондықтан да, донор болғандардың денсаулығына еш зияны жоқ. Күрделі операцияларда, ауыр босануда, сондай-ақ гемофилиямен және қан аздықтың салдарынан туындайтын ауруларға тек қан керек. Сондықтан қан беру – сауапты іс. Осыны ескерген жастар бүгін акцияға белсенді қатысты.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №8 тірек пунктінде «Қарасора» іс-шарасы барысында УТП қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 300 бабымен 3 (үш) жәй анықталды.

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Мұғалімдер жеті жастағы оқушыны ата-анасына ескертпей гинекологқа апарған

Leave a Comment